Жаңажылдық кеш 40 сағаттан астам уақытқа созылған.
ERNUR.KZ. Жүздеген адам жаңа жылды қоймада екі күнге жуық тойлаған. Ұйымдастырушыларға 600 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп жазады baq.kz.
Испания билігі 40 сағаттан астам уақытқа созылған жаңажылдық кешке байланысты карантиндік шектеулерді күшейтті. Бұл туралы The Local хабарлады.Барселонадан 30 шақырым жерде орналасқан Льюнарс-дель-Вальес ауылында 300 адам жаңа жылды атап өту үшін қоймаға жиналған.
Карантин бұзушыларды тарату үшін жүздеген арнайы күштік құрылым келді. Полицияның мәліметінше, кеш кезінде қолданылған жабдықтар тәркіленіп, үш ұйымдастырушы қамауға алынды, барлық қатысушылар жауапқа тартылады.
Сонымен қатар, кешке қатысушыларға үш мың еуро, ал ұйымдастырушыларға 600 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Осы кештен кейін билік көптеген аймақтар үшін, атап айтқанда, қозғалысқа қатысты қатаң шектеулер енгізілгенін хабарлады. Жаңа ережелерге сәйкес, тұрғындар үйден тек жұмысқа немесе дәрігерге бару үшін шыға алады.
Соңғы мәліметтер бойынша, Испанияда коронавирустың 1,9 миллион жағдайы расталды, олардың 51 мыңға жуығы қайтыс болған. Ел COVID-19 эпидемиясы бойынша әлемде тоғызыншы және Еуропада бесінші орында тұр.