Италия тұрғынына Pfizer вакцинасының алты дозасы салынған

0
489

Өндірушінің мәліметі бойынша, төртеуден көп болса, артық мөлшерде доза салынды деп саналады.


Италия тұрғынына Pfizer вакцинасының алты дозасы салынған

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Италия тұрғынына Pfizer және BioNTech вакцинасының абайсызда алты дозасын салған, деп жазады Тengrinews.kz.

Портал мәліметінше, 23 жастағы қыз Италияның Масса-Каррара провинциясындағы ауруханаға вакцина салдыруға барған. Медбике қателесіп, науқасқа алты дозаға есептелетін ампуланы толығымен еккен. Өндірушінің мәліметі бойынша, төртеуден көп болса, артық мөлшерде доза салынды деп саналады.

Вакцина салынғаннан кейін науқастың басы ауырып, тез шаршап, қолы ауырсынған екен. Қазір қыз медициналық мекемеде жатқаны хабарланды. Жағдайы қалыпты, сұйықтық көп ішеді және парацетамол қабылдап жатыр. Қыздың айтуынша, ол қателескен медбикені сотқа бермейді.

Бұған дейін мұндай жағдайлар басқа елдерде де болған. Сингапур тұрғынына Pfizer вакцинасының 5 дозасы салынған. Оның алдында Германиядағы қарттар үйінің сегіз қызметкеріне дәрігерлер осы вакцинаның бес дозасын салған болатын.