Қазір оқиғаның бірнеше себебі айтылып жатыр: біреулер найзағай түсті десе, басқалары көпір конструкциясының шөгуінен дейді
ERNUR.KZ. Италияның сыртқы істер министрлігі Генуя қаласындағы көлік көпірінің қирауынан 31 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады  sputniknews.kz  РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Бұдан бұрын 11 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған.
БАҚ мәліметіне сүйенсек, көпір сейсенбі күні күндіз құлапты. Оқиғаның бірнеше себептері айтылып жатыр: күн күркіреп тұрған кезде, найзағай түсті немесе көпір конструкциясы шөгіп кетті. Ресми тұлғалар теракт туралы мәлімдеген жоқ.
Нысанға қызмет көрсетіп, жөндеу жүргізген компанияның айтуынша, көпір құлайтындай жағдайда болмаған.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
