​Италияда тым ауыр болып кеткен ұшақтан жолаушыларды түсіру қажет болды

0
151

British Airways компаниясының Embraer ERJ-190 ұшағы биікке көтерілгенде қосымша қиындықтарға тап болды.


​Италияда тым ауыр болып кеткен ұшақтан жолаушыларды түсіру қажет болды

Фото: Oxu.az

ERNUR.KZ. Оқиға Италияда болды. Онда Лондон-Сити әуежайына ұшатын British Airways компаниясына тиесілі ұшақтан отынды үнемдеу үшін 20 жолаушының түсіп қалуы қажет болды, деп жазады inform.kz.
British Airways компаниясының Embraer ERJ-190 ұшағы биікке көтерілгенде қосымша қиындықтарға тап болды. Себебі бұл уақытта Италиядағы ауа райы 35°C ыстық болып тұрған. Флоренциядағы Америго Веспуччи әуежайының ұшу-қону жолағының қысқа болуы да жағдайды күрделендірді.
Куәгердің айтуынша, 11 тамыздағы рейсте қозғалтқышқа қосымша отын қажет болғандықтан және ауа температурасының жоғары болуына байланысты кейбір жолаушылар ұшақтан түсуге мәжбүр болған.
Әуе компаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
— Флоренция әуежайының қысқа ұшу-қону жолағы мен ауа температурасының жоғары болуына байланысты ұшақтың салмағын азайту қажет болды. Біз жолаушыларға келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Біздің қызметкерлер адамдарды межелі жерге барынша тез жеткізуге тырысты, — деп хабарлады British Airways.