Ижевск мектебіндегі атыс құрбандарының саны артты

0
511

Удмуртиядағы қайғылы жағдайға байланысты 29 қыркүйекке дейін аза тұту жарияланды.


Ижевск мектебіндегі атыс құрбандарының саны артты

ERNUR.KZ. Ижевск мектебінде атыс кезінде қаза тапқандар саны 17 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Қылмыскер қолынан екі күзетші, үш ұстаз бен 11 оқушы қаза тапты. 24 адам жарақат алды, оның ішінде 22 бала, жарақат алған үш баланың жағдайы ауыр.

Ижевск №88 мектебінде 26 қыркүйек күні белгісіз біреу атыс бастады. Кейіннен өзін-өзі өлтірген қылмыскердің бастапқыда жеке басын анықтау мүмкін болмады. Соңғы деректер бойынша, сол мектептің түлегі, 34 жастағы Артем Казанцев оқ жаудырғаны белгілі болды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Казанцевте екі жауынгерлік тапанша мен жеткілікті патрондар болғанын хабарлады. Ер адам алдымен күзетшіні атып, содан кейін сыныпқа кіріп, балаларға оқ жаудырды. Кейін ол өзін-өзі өлтірді.