Израильдің Иранға соққысынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

0
165

Қара алтын құнының қымбаттауы қазірдің өзінде 13% болып отыр.


Израильдің Иранға соққысынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс әлемдік нарыққа әсер етті, деп жазады sputnik.kz.

Мұнай бағасы көтеріліп, қазірдің өзінде 13%-ға өсті. Израильдің Тегеранға жасаған соққыларынан кейін Солтүстік теңіздегі Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 78,50 долларға дейін қымбаттады.
Америкалық WTI маркалы мұнай барреліне 77,62 долларға дейін көтерілді.
Инвесторлар Израильдің Иранға шабуылынан кейін жеткізілімдер тоқтап қалады деп қауіптеніп отыр.