Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ұшақтың ұшу-қону жолағында бір жағына жантайып сырғанап бара жатқаны, содан кейін қанаты мен өрт шыққаны көрінеді.
ERNUR.KZ. Канадада PAL Airlines әуе компаниясының ішкі рейспен бара жатқан жолаушылар ұшағы Галифакс-Стэнфилд халықаралық әуежайына шұғыл қонды, деп жазады Ulysmedia.kz
Канадада ішкі рейсті орындайтын PAL Airlines ұшағы Галифакс-Стэнфилд халықаралық әуежайына шұғыл қонған кезде бір бөлігі өртке оранды. Бұл оқыс оқиғаға шассидегі ақау себеп болуы мүмкін.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ұшақтың ұшу-қону жолағында бір жағына жантайып сырғанап бара жатқаны, содан кейін қанатынан өрт шыққаны көрінеді.
CBC News хабарлағандай, оқиға жергілікті уақыт бойынша сенбі күні сағат 21.30-да болған. Сент-Джонс қаласынан Галифаксқа ұшқан әуе лайнері үлкен салмақпен қонды. Фюзеляждың сол жағы түтіндеп, ұшақтың бір бөлігі өртеніп кеткен.
Жолаушылардың бірі Никки Валентиннің айтуынша, шассидің ақауы салдарынан қанат ұшып-қону жолағына тиіп, содан кейін өрт шыққан.
Оның айтуынша, әуе кемесінде 80-ге жуық жолаушы болған. Барлық жолаушылар эвакуацияланып, дәрігерлердің қарауынан өтті.