Кейін полицияға өз еркімен берілген.
ERNUR.KZ. Сенбі күні Нидерландтың шығысында Эде қаласындағы түнгі клубта адамдарды кепілге алу оқиғасы орын алды. Полиция қарулы адамды құрықтап үлгерді, деп жазады Ulysmedia.kz.
Қарулы адам сенбі күні Petticoat клубында мекеме қызметкерлерін кепілге алып, бомба жарып жіберемін деп қорқытқан.
Кейін полицияға өз еркімен берілген.
Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, шабуыл жасаушының әрекетінде террористік мақсат жоқ.
Оқиға орнында полицияның бірнеше арнайы жасағы жұмыс істеген.
Жақын маңдағы 150 үйдің тұрғындары эвакуацияланып, Эдеге және одан келетін пойыздар уақытша тоқтатылған.