Шабуыл салдарына төрт адам қаза тапты — үш оқушы және бір мұғалім.
Фото: Anadolu
ERNUR.KZ. Түркияның Кахраманмараш провинциясындағы мектепте атыс болды, деп жазады inform.kz.
Аймақ губернаторы Мюккерем Юнлюэрдің айтуынша, шабуыл салдарына төрт адам қаза тапты — үш оқушы және бір мұғалім. Тағы 20-ға жуық адам жарақат алды.
Түркияның әділет министрі Акын Гюрлектің хабарлауынша, Кахраманмараш прокуратурасы тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша бірнеше прокурор тағайындалды және қазірдің өзінде оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Түркияның Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеру үшін аймаққа инспекторларды жіберуді бұйырды.
Білім министрі Юсуф Текин мен Денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоглу да Кахраманмарашқа шықты.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр, билік жағдай айқындалған сайын халықты хабардар етуге уәде берді.
Осыған дейін Түркияның Шанлыурфа провинциясындағы Сиверек қаласында бұрынғы оқушы лицей ғимаратында оқ жаудырғанын хабарладық. Шабуыл салдарынан 16 адам жарақат алды.


