Қазақстан мен Қырғызстаннан барған 320 тонна өрік, шие мен қарбызды Ресейдің Новосибирск облысына Россельхознадзор кіргізбей қойды.
Қазақстан мен Қырғызстаннан барған 320 тонна өрік, шие мен қарбызды Ресейдің Новосибирск облысына Россельхознадзор кіргізбей қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ca-news.org порталына сілтеме жасап.
Федералды қызмет басқармасының ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау инспекторлары Новосібір облысына Қазақстан мен Қырғызстаннан келген 320 тоннадан астам өнімді қауіпті деп тауып, кіргізбеді.
Россельхознадзордың мәліметінше, жалпы салмағы 320,15 тонна болатын 17 партия өнім маусым айының алғашқы күндерінде «Карасук» бекетінде ұсталған. Жоғары фитосанитарлық қаупі бар өнімдер Новосібір, Новокузнецк, Кемерово және Красноярск қалаларының базарына автомобиль тарспортымен жөнелтілген.
Оның ішінде Қазастан жерінен белгі салынбаған 40 тонна пияз бен аққауданды қырыққабат, 22 тонна пәкістандық картоп пен 20 тонна қырғызстандық пияз да болған.
Сонымен қатар, белгі салынбаған жүктің ішінде жалпы салмағы 70 тонна қазақстандық қарбыз, алма мен қызылша, қырғызстандық 88 тонна пияз және 1,15 тонна қызылқауданды қырыққабат, өзбекстандық 20 тонна өрік пен 20 тонна тәжікстандық пияз да бар.
Барлық өнім кері қайтарылып, кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылды.
Айта кету керек, осы жылдың басынан бастап Новосібір облысының Россельхознадзор басқармасының инспекторлары Қазақстан мен Қырғызстанға карантинге алынған өнімнің 4 мың тоннадан астамын қайтарған.