Екі елдің қарулы күштерін құру бойынша тәжірибе алмасады.
ERNUR.KZ.Бүгін Қырғызстан Қарулы күштерінің Бас штабында Қазақстан әскери делегациясымен кездесу өтті, деп жазады inform.kz.
Көрші елдің әскерилері тәуелсіздік алған жылдардан бері алғаш рет ресми сапармен барып отыр. ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы 24 шілдеде Бішкекке келді. Ол Қырғызстан президенті, Жоғарғы бас қолбасшысы Сооронбай Жээнбековпен кездесті.
Бүгін Қырғызстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Райимберди Дуйшенбиевпен кездесу өтеді.
Келіссөздер барысында тараптар Орталық Азия өңіріндегі ахуалды талқылайды, екі елдің қарулы күштерін құру бойынша тәжірибе алмасады және бірлескен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін сөз етеді. Диалог нәтижесінде Қырғызстан мен ҚР үкіметтері арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.