Микрофонды көмекшісіне ұстатып қойып, өзі түсіп кектен шалбарын киіп, кейін жиналғандардың күлкісіне қарамастан сөзін қайта жалғастырған
ERNUR.KZ. Үндістанда саясаткер Умар Сиддик сайлаушылардың алдында сөйлеп тұрған кезде масқара болды, деп жазады sputniknews.kz.
Видеоны белгілі саясаткердің сөзін тыңдап тұрғындардың бірі түсіріп алған.
Сиддик жарқын болашақ туралы қызу сөйлеп тұрған кезде шалбары шешіліп қалады. Ол микрофонды көмекшісіне ұстатып, өзі түсіп кектен шалбарын киіп алады. Осыдан кейін жиналғандардың күлкісіне қарамастан сөзін қайта жалғайды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл оқиға Джаспур қаласында болған. Сиддик қалалық кеңес депутаттығына таласып жатыр екен.