25 пен 30 жас аралығындағы үш ер адам анықталып, бірден ұсталды.
Сурет: Facebook/arfsBlog
Олардың шекараны заңсыз кесіп өтіп, Испанияға жетпек болған әрекетінен полиция шикілікті байқап, дер кезінде құрықтаған. Бұл туралы Alkalima Online басылымы мәлімдеді.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, қашуға әрекеттенгендер үй жануарлары тиелген көлікпен бірге шекарадан өтуді жоспарлаған. Олар қойдың терісін жамылып, өздерін малдың арасында байқалмайтындай етіп көрсетуге тырысқан.
Алайда көлік тексеру кезінде тәртіп сақшылары жануарлардың арасынан күмәнді қимылдарды байқап, жүк бөлігін мұқият қарап шыққан. Нәтижесінде 25 пен 30 жас аралығындағы үш ер адам анықталып, бірден ұсталды.
Бұл оқиға шетелдік БАҚ назарын аударып, өзінің "ерекшелігімен" қатар, аса қауіпті әрекет ретінде бағаланды.


