Қазіргі уақытта көлік министрі ауруханаға жатқызылды.
ERNUR.KZ. Тәжікстан билігінің хабарлауынша, көлік министрі Худоер Худоерзода өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ туыстары оны құтқарып қалған. Қазіргі уақытта көлік министрі ауруханаға жатқызылды, деп жазады Stan.kz.
Тәжікстанның бас прокуратурасы бұл оқиға 11 тамызда таңертең отбасылық жанжалға байланысты болғанын хабарлады.
"62 жастағы Худоер Худоерзода Душанбе қаласындағы отбасылық жанжалда тұрмыстық пышақты пайдаланып, өзін-өзі өлтірмек болған", - делінген елдің Бас прокуратураның хабарламасында.
Дереккөздің хабарлауынша, үйде болған ерлі-зайыптылар мен басқа да отбасы мүшелері оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Худоер Худоерзода Көлік министрлігін 2017 жылдан бастап басқарады.