Қорғаныс министрлігінің полигонында ұшақ апатқа ұшырады

0
831

68 жастағы ұшқыш Хорасан аудандық ауруханасына жетер-жетпес жолда көз жұмған.


Қорғаныс министрлігінің полигонында ұшақ апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. 4 тамыз күні Тәжікстан Республикасы Қорғанысқа жәрдемдесу қоғамдық ұйымының «Ан-2» оқу-жаттығу ұшағы құлады. Салдарынан бір адам ажал құшып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

1978 жылы шығарылған ұшақ Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің «Фахрабад» оқу-жаттығу полигонында жоспарлы ұшуларды орындау кезінде техникалық себептерге байланысты апатқа ұшыраған. 68 жастағы ұшқыш Хорасан аудандық ауруханасына жетер-жетпес жолда көз жұмған.

28 жастағы екінші пилот сол ауруханада жатыр. Қазір аталмыш елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті апатқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.