Коронавирус: Италияда мектептер жабылып жатыр

0
707

21 ақпанда Италияда коронавирустан бірінші адам көз жұмды.


Коронавирус: Италияда мектептер жабылып жатыр

ERNUR.KZ. Италияда коронавирус жұқтырып алғандар саны 2706 адамға жетті, бұл алдағы күнмен салыстырғанда 443 адамға көп, деп жазады ҚазАқпарат.

Италияның азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Борреллидің айтуынша, елде індеттен көз жұмғандар саны 107 адамды құрады. 276 адам сауығып кетті. Бұл сейсенбі күнгі көрсеткішпен салыстырғанда, 116 адамға көп. Дерттен айығып кеткендер санының өсімі – 72,5 пайыз. Бұл соңғы бірнеше күнде ең үлкен көрсеткіш.

Індет жұқтырған 297-ге жуық адам жансақтау бөлімінде жатыр. Борреллидің айтуынша, 1346 адам ауруханада, тағы 1065 адам – үйдегі карантинде жатыр.

Италия үкіметі коронавирус салдарынан бейсенбіден бастап наурыз айының ортасына дейін елдегі барлық мектептер мен университеттерді жабу шешімін қабылдады. Бұл туралы Италияның білім министрі Люция Аццолина мәлім етті.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда Италияда коронавирустан бірінші адам көз жұмды.