Коронавирус кезінде денсаулығын сақтандырушылар көбейді

0
781

Сақтандыру компаниялары бір айдың ішінде 8 млрд теңге сыйақы жинаған.


Коронавирус кезінде денсаулығын сақтандырушылар көбейді

ERNUR.KZ. Ranking.kz. COVID-19 ауру жағдайынан ерікті сақтандыру келісімдерін жасатқан адамдар туралы дерек жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Қаңтар айында қазақстандықтар денсаулықтарын аурулардан 7,6 млрд теңгеге сақтандырған. Бұл былтырғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 15,4% көп.

Дерекөз мұны жыл басында коронавирустың өршуімен түсіндіреді.

«COVID-19 вирусы өткен жылдың желтоқсан айынан бері әлемге таралып келеді. Johns Hopkins University CSSE деректеріне сенсек, 11 наурызға дейін әлемде 121,5 мыңнан астам адам қауіпті ауруды жұқтырған. Вирустан көз жұму көрсеткіші 2,8%-дан 3,1%-ға өсіп отыр», – деп жазады Ranking.kz.