Коронавирусты негізгі таратушы аталды

0
447

Бюро көптеген зерттеулер, профилактикалық шаралар тиімділігін растайтынын қоса айтты.


Коронавирусты негізгі таратушы аталды

ERNUR.KZ. Коронавирусты негізгі таратушы – вакцина алмаған адамдар. Бұл туралы РИА Новостиге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Екпе алуға құқығы бар әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Бұл әсіресе алпыстан асқан, сондай-ақ иммунитеті әлсіреген адамдар тобы үшін маңызды", - деді ДДСҰ өкілі.

Бюро көптеген зерттеулер, профилактикалық шаралар тиімділігін растайтынын қоса айтты. Бетперде тағу және бөлмені желдету маңызды, бірақ басқа сақтық шараларын бірге қолданғанда оның әсері күшейеді.

Жұқтыру ықтималдығын азайтатын тиімді әдістер қатарына бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтық пен гигиена ережелерін сақтау, ауру жұқтырғандарды оқшаулау және карантинді сақтау кіреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде пандемия кезеңінде коронавирус инфекциясының 258 миллионнан аса жағдайы анықталған. 5 166 192 адам ауру құрбаны болған. Вакцинация COVID-19-дан қорғаудың ең сенімді жолы болып қала береді.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 946 жаңа жағдайы тіркелді. Елімізде барлығы 967 369 жағдай расталды.