Қуатталып тұрған телефонның жанында жатқан жасөспірім өртеніп кетті

0
729

Жасөспірім зарядтау жабдығын екінші қолданыстағы заттарды сататын интернет дүкеннен сатып алған.


Қуатталып тұрған телефонның жанында жатқан жасөспірім өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Жасөспірім қуат алып тұрған телефонның жанына жатып, өртеніп кетті. Ол телефонын қуаттағышқа қойып, ұйқтап қалған, деп жазады Stan.kz.

Калифорниялық 15 жасар Колтон Пингри телефонның қуаттағышының салдарынан өртке оранды.

Ол қуаттағышқа қосылған гаджетті жастыққа қойып, ұйықтап кеткен. Бірнеше сағаттан кейін Колтон өзінің күйіп жатқанын сезіп оянған. Күйіктен қатты ауырсынған ол иісті бірден аңғарыпты.


"Айналама қарасам, екі көрпе мен жастық өртеніп жатыр, жарылыстың ауырлығы соншалық, мен төсектен еденге құлап түскем", - дейді ол.


Ол жалынды жалаң қолмен сөндіруге тырысты, содан кейін бір бөтелке суды алып, пышақпен тесік жасап, төсектің үстіне су шаша бастады. Осыдан кейін Колтон жанып тұрған зарядтағышты алып, дәретханаға лақтырған. Артынша жасөспірім әкесін оятып, оқиға туралы айтып берді.

Колтонның қолы мен арқасы қатты күйіп қалған. Ол зарядтау жабдығын екінші қолданыстағы заттарды сататын интернет дүкеннен сатып алғанын айтты.