Қырғыз елінде президенттік сайлау қашан өтетіндігі белгілі болды

0
547

Алдындағы сайлау нәтижесінің мойындалмауына байланысты парламенттік келесі сайлау 20 желтоқсанға жоспарланған.


Қырғыз елінде президенттік сайлау қашан өтетіндігі белгілі болды

ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасының жаңа президентінің сайлауы шамамен 2021 жылдың 17 қаңтарында өтеді, деп жазады zakon.kz.

Қрығыз елінің Орталық сайлау комиссиясы, алдындағы сайлау нәтижесінің мойындалмауына байланысты парламенттік келесі сайлау 20 желтоқсанға жоспарланған.

Бүгін - 16 қазанда "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында президенттің отставкасы туралы мәселені қарайтын Жоғарғы Кеңестің отырысы өтіп жатыр.

Кеше президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді. Кейінірек, митингіге шыққандармен кездесуде премьер-министр Садыр Жапаров парламент төрағасы Қанат Исаевтың мемлекет басшысы қызметін атқарудан бас тартқанын айтты.


- Президент пен премьер-министрдің өкілеттіктері маған берілді, - деді үкімет басшысы.


Парламент осы екі мәселені де шешуі керек. Қазір Садыр Жапаровтың жақтастары Ескі алаңында митингке жиналған.