Куәгерлердің айтуынша, атыстың соңы жарылысқа ұласқан.
ERNUR.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды Хабар24.
«24 КейДжи» порталының мәліметі бойынша оқ Баткен ауданының Көк-Таш ауылында атылған. Жергілікті тұрғындар тәжік сарбаздарынан су тарататын бекетте орнатылған видеобақылау камерасын алып тастауды талап еткен. Бірақ 2 жақ тіл табыса алмай, бір-бірін тілдеп, тас лақтыра бастаған. Ақыры соңы куәгерлердің айтуынша, атысқа және тіпті жарылысқа ұласқан. Тәжік тарапынан 2, қырғыз жақтан 4 адам жарақат алған. Барлығы бейбіт тұрғындар. Қақтығыс әлі тоқтаған жоқ.
Сондай-ақ Бішкекте Баткен ауылының халқын қолдаған шеру өтіп жатыр. Ереуілшілер президент, премьер-министр және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасын кездесуге шақыруда.