Қырғызстан екпе алған шетел азаматтарынан ПТР тест талап етпейтін болды

0
538

Таяуда үкімет басшысының орынбасары Әділ Байсалов коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі республикалық штабында жиналыс өткізген.


Қырғызстан екпе алған шетел азаматтарынан ПТР тест талап етпейтін болды

ERNUR.KZ. 11 ақпаннан бастап Қырғызстанға баратын екпе егілген шетел азаматтарының ПТР тест тапсыруы міндетті емес, деп жазады azattyq.org.

Таяуда үкімет басшысының орынбасары Әділ Байсалов коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі республикалық штабында жиналыс өткізген.

Ол денсаулық сақтау министрлігіне 11 ақпаннан бастап COVID-19 вирусын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамды карантинге алу, екпе алған азаматтардан да ПТР тест талап ету ережесін алып тастауға бұйрық берді.

Қырғызстан билігі былтыр 1 желтоқсаннан бастап COVID-19 вирусының омикрон-штамының кең таралуына байланысты елге келетін азаматтардан, екпе алса да ПТР тест талап ету міндеттелген.

Қаңтар айында COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны бірден артты. Ақпан айында бұл көрсеткіш айтарлықтай бәсеңсіген.