Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс жағдайы орын алды

0
748

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 12.20 шамасында Баткен облысының ақ-Бозой Лейлек ауданының маңында орын алған.


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс жағдайы орын алды

ERNUR.KZ. 7 мамырда Қырғызтан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасында атыс қаруын қолдану жағдайы орын алды. Деректерге сай тәжікстандық азамат қырғызстанның қарулы күштеріне дөрекілік танытқан, деп жазады Stan.kz.


Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 12.20 шамасында Баткен облысының ақ-Бозой Лейлек ауданының маңында орын алған.

"Қырғызстанның шекара наряды Қырғызстан аумағында мемлекеттік шекара сызығынан 250-300 метр қашықтықта мал жайып жүрген Тәжікстан азаматтарын шопандарды байқады. Шекарашылардың Қырғызстан аумағынан кету талаптарын олар елемеді. Тіпті олар әскери қызметкерлерге тас атқан", - делінген хабарламада.

Шопандардың бірі Қырғызстанның шекара қорғанысына қарай 2-3 оқ атқан. Жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу мақсатында Қырғызстан шекарашылары ауаға ескерту оғын жаудырған. Содан кейін шопандар Тәжікстан аумағына қашып кеткен.



"Қырғыз шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, Тәжікстан азаматтарының бірі аяғынан жарақат алған. Алайда, қандай жағдайда, қашан және қай жерде болғаны белгісіз. Өйткені Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек фотосуретті ұсынды", - деп атап өтті ведомство.

Енді тараптардың шекара өкілдерінің кездесуі күтілуде. Қазіргі уақытта қырғыз-тәжік учаскесінде жағдай тұрақты екені айтылды.