Құжат саяси себептермен сотталған және "қоғамға қауіпті деп танылмаған әрекеттер, құқықбұзушылықтар мен қылмыстар" үшін жазаланғандарды ақтауды қарастырады.
Азаттық Радиосының Қырғыз қызметі
ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Кеңес заманында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қырғыздарды ақтау туралы заңға қол қойды, деп жазады ulysmedia.kz.
Құжат саяси себептермен сотталған және "қоғамға қауіпті деп танылмаған әрекеттер, құқықбұзушылықтар мен қылмыстар" үшін жазаланғандарды ақтауды қарастырады. Заң бойынша, саяси репрессия белгілері ретінде 1917 жылдан 1953 жылға дейін "Қызыл террор", басмачылармен күрес, кулактар шаруашылығын анықтау туралы құжаттар мен басқа да актілер негізінде қабылданған шешімдер танылады.
Ақтау шаралары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (1941–1945 жж.) әскери қызметте немесе командалық құрамда болған, "опасыздық жасағаны үшін айыптаулар расталған" қырғыз азаматтарына қолданылмайды.
Әртүрлі деректерге сәйкес, Қырғызстанда саяси қуғын-сүргін кезінде 20-40 мың адам атылған. Олардың қатарында Торокул Айтматов, Иманалы Айдарбеков, Баялы Исакеев, Қасым Тыныстанов сияқты 137 интеллигенция өкілі болды. Оларды "халық жауы" деп танып, 1938 жылдың қараша айының басында атып тастаған. Олардың жерленген орындары ондаған жылдар бойы белгісіз болып келді. Бұл жер тек 50 жылдан кейін табылды.