Жексенбі күні болған жан түршігерлік жол апатында Қырғызстанның 14 азаматы қаза тапты.
ERNUR.KZ. Ресейдің Ульяновск облысында болған көлік апатына байланысты Қырғызстанда 23-тамыз аза тұту күні болып жарияланды, деп жазады 24.kz.
Еске сала кетсек, жексенбі күні болған жан түршігерлік жол апатында Қырғызстанның 14 азаматы қаза тапты. Жарақат алған тағы да үш қырғызстандық ауыр хәлде. Олар отырған шағын автобусқа жүк көлігі келіп соқтығысқан.
Салдарынан автобусты екі жүк көлігі қысып тастаған. Апатқа кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі де опат болды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қаза болған жерлестерінің жақындарына көңіл айтып, оларға көмек беруге уәде етті.