Қырғызстанда бетті жасыратын киім киюге тыйым салынды

0
113

Садыр Жапаров заңға өзгертулер енгізуге қол қойды.


Қырғызстанда бетті жасыратын киім киюге тыйым салынды

фото: Petros Karadjias

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров діни салаға қатысты заңға түзетулерге қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
Енді ел азаматтары өзінің жеке басын жасыратын киім кие алмайды, заң мынандай жауапкершілікті қарастырады: “Жұмысқа және қызметтік қызметке байланысты киімдерді немесе медициналық себептер бойынша бетін жабуды қоспағанда, мемлекеттік органдарда және қоғамдық орындарда азаматтың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін”, - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ ар-ождан және дін бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіргені немесе оны жүзеге асыруға мәжбүрлегені үшін психологиялық және физикалық қысым, өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылық қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалған – оның ішінде басқа дінді ұстанушыларды, діни бейтарап адамдарды және атеисттерді өз дініне тартуға бағытталған әрекеттер үшін ше жауапкершілік қарастырылатын болады.
Сонымен қатар дін қайраткерлерінің, уағызшылар мен шетелдік діни ұйымдардың уағызшылары шақыруымен қарттар үйлері мен мүгедектер үйлерінде, түзеу мекемелерінде немесе тергеу изоляторларында, сондай-ақ Қырғызстан Қарулы Күштерінің құрылымдарында, бөлімдерінде және бөлімшелерінде діни рәсімдерді, жиналыстарды және басқа да діни іс-шараларды өткізу үшін жауапкершілік бар.
Діни ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының қызметіне араласқаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Шектеулер мен тыйымдар білім беру ұйымдарында таратылатын діни әдебиеттерге де қатысты. Сонымен қатар, діни негізде және басқа да тармақтар бойынша партиялар құруға тыйым салынады.