Ауруға шалдыққандардың ең көп саны бас қалада – 1 291.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Республикада қызылша дертіне қатысты жағдай шиеленісіп тұр, деп жазады inform.kz.
Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық иммунопрофилактика орталығының мәліметінше, жыл басынан бері қызылша ауруына шалдығудың 2 046 жағдайы тіркелген.
Ауруға шалдыққандардың ең көп саны бас қалада – 1 291, Ошта – 95, Ош облысында – 147, Баткен облысында – 44, Шу облысында – 311, Жалал-Абад облысында – 20, Ыстықкөл облысында – 43, Талас облысында – 40 және Нарын облысында 55 адам тіркелген.
Науқастардың 96%-ы (1 972 жағдай) екпе алмаған. Соның ішінде 695 адам (34%) жасына байланысты, 889 адам (43%) бас тартуына байланысты, 29-ы (1%) көшіп кетуі себебімен, 219-ы (11%) медициналық себептерге байланысты, 140-ы (7%) – екпе статусының белгісіз болуына байланысты екпе салынбаған.
– Республикада қызылшаға қатысты жағдай шиеленісіп тұр. Негізгі өсім Бішкекте байқалады, онда 1 291 жағдай тіркелген, бұл жалпы көрсеткіштің 62%-ын құрайды. Ауруға шалдығу деңгейінің өсуіне негізгі себеп – балалар арасында қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундаудан бас тарту, - деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Батыс Қазақстанда 1 300-ден астам адам қызылшамен ауырғанын хабарлаған едік.