Сайлау келесі жылы қаңтардың төртінші сәрсенбісінде өткізіледі.
фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
ERNUR.KZ. Қырғызстан Жоғарғы кеңесі президент сайлауы өтетін күнді белгіледі, деп жазады sputnik.kz.
Қырғызстандағы кезекті президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарында өтеді, деп жазылған парламент қаулысында.
Парламенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлау күнін белгілеу туралы қаулы жобасын Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылыс, жергілікті өзін-өзі басқару және Жоғарғы кеңес регламенті жөніндегі комитет төрайымы Гүлнәр Әкімбаева таныстырған.
"Қырғызстан президентін сайлау Жоғарғы кеңестің қаулысымен белгіленді. Кезекті президент сайлауы қазіргі мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі аяқталатын жылы қаңтардың төртінші сәрсенбісінде өткізіледі", - деп жазылған хабарламада.


