Қырғызстанда виза беру тәртібі өзгеріске ұшырады

0
120

Қызмет 22 қаңтардан бастап "Электрондық виза" порталында қолжетімді болмақ.


Қырғызстанда виза беру тәртібі өзгеріске ұшырады

Фото: International Wealth

ERNUR.KZ. Елде жедел тариф бойынша 24 сағат ішінде электронды визалар беру рәсімі енгізілуде, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғызстан еліне іскерлік, туристік немесе басқа да жеке мақсаттармен баруды жоспарлап отырған шетел азаматтарына 22 қаңтардан бастап бір реттік немесе көп мәртелікпен 90 күнге дейінгі мерзімге "Сапар визасы" ("J" түрі) енгізіледі. Осы орайда, бұған дейін қолданыста болған "іскерлік", "туристік", "тау туризмі" секілді визалық санаттар жойылады.

Жаңалықтар 2025 жылдың 22 қаңтарынан бастап "Электрондық виза" порталында қолжетімді болады. 2024 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қырғызстанда шетелдіктерді визасыз тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енгені хабарлаған-ды. Яғни, бұл – енді елдегі шетелдік студенттерге деген университеттің жеке жауапкершілігі арта түсті деген сөз.