Шанхайда өткен презентацияда Қытайдың "Чанъэ-8" роботтандырылған миссиясының бас инженері Пэй Чжао Юй ҚХР 2030 жылдан кейін айда салатын базаның жобасын таныстырды.
Сурет: pixabay
Naked Science басылымының мәліметінше, Шанхайда өткен презентацияда Қытайдың "Чанъэ-8" роботтандырылған миссиясының бас инженері Пэй Чжао Юй ҚХР 2030 жылдан кейін айда салатын базаның жобасын таныстырды.
Презентация материалдары Қытайдың ай базасында атом реакторын қолдану ниеті бар екенін көрсетеді. Айдағы жағдайлар шағын АЭС-ті аса қажет етеді: ұзақтығы 14 күнге созылатын түн күн энергиясымен әлсіз үйлеседі.
Сонымен қатар, мұндай радиаторлар ауданы мен массасы бойынша үлкен. Олар тұрақты болуы үшін жергілікті топыраққа қандай да бір жолмен көмілуі керек (бұл циркумполярлы аймақтарда олардың мәңгі тоңымен қиын).