Қытай алғаш рет бәйге атын клондады

0
823

Бір қызығы, жылқы жануарын клондауды қолға алған Қытай ғана емес.


Қытай алғаш рет бәйге атын клондады

ERNUR.KZ. Қытайда алғаш рет клондалған бәйге атын таныстырды. Жануар арнайы донорлық жасушаларын пайдаланған тұпнұсқадағы жылқыдан айнымайды, деп жазады exk.kz.

Алғашқы клондалған бәйге аты жайлы Global Times жазды. Дерекке сүйенсек, құлын 1995 жылы Германияда туған Урсус деген бәйге атының жасушаларынан пайда болған. Қазір Чжуан Чжуан деп есім алған жануарға 7 ай толыпты. Яғни, 2022 жылдың 6 маусымында туған. Ғалымдар бұл тың жаңалық, сирек кездесетін жылқы түрін сақтауға керемет мүмкіндік деп отыр.

"Жылы қанды жылқыларды клондау — бұл жылқы шаруашылығындағы инновациялық жетістік. Тамаша жылқылардың генін сақтау және оны бүгінге жеткізу арқылы жануарлар құнын арзандатуға болады", - дейді клондауға ұйытқы болғандар.

Бір қызығы, жылқы жануарын клондауды қолға алған Қытай ғана емес. 2003-ші жылы Италияда осы процестегі ең бірінші клондалған жануар дүниеге келген. Кейін АҚШ, Аргентина, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания мемлекеттерінде де бұл іс сәтті жүзеге асты. Ал халықаралық ат спорты федерациясы 2012 жылы клондалған жылқылардың жарысқа қатысуына рұқсат берген еді.