ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан жаңа байланыс спутнигі сәтті ұшырылды, деп жазады kaz.inform.kz.
Бұл туралы Қытайдың аэроғарыш ғылымы және технология корпорациясы (CASC) хабарлады.
CASC сайты ұшыру 20 желтоқсанда Бейжің уақытымен 23:12–де Long March-3B зымыран тасымалдағышының («Чанчжэн») көмегімен жүзеге асырылғанын хабарлады. Спутник көрсетілген орбитаға сәтті шықты.
Бұл спутник спутниктік байланыс, радио және телевидение, деректерді беру және басқа да қызметтер үшін пайдаланылатын болады. Ол сондай-ақ тиісті технологияларды сынау үшін қолданылады.
Бұл «Чанчжэн» сериялы зымыран тасымалдағыштарының 554-ші ұшырылымы.
2024 жылы Қытай шамамен 100 ғарыштық ұшыруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Қытай 2024-2050 жылдар аралығында Қытайда ғарыштық ұшуларды және ғарыштық зерттеулерді жоспарлауды анықтайтын ғарыш ғылымын дамытудың ұлттық орта және ұзақ мерзімді бағдарламасын ұсынған болатын.