Электр станциясы 6 мың гектар жерге салынады.
ERNUR.KZ. 22 қыркүйекте Өзбекстанның Бұқара облысында жел электр станциясының құрылысы басталды, деп жазады azattyq.org.
Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, жобаны Қытайдың Lioaning Lide корпорациясы жүзеге асырады.
6 мың гектар жерге салынатын, қуаты 1,5 мың мегават станция құны 1,8 миллиард доллар.
2017 жылы Өзбекстан 2017-2025 жылдарға арналған қалпына келетін энергия көздерін дамыту бағдарламасын қабылдаған.
2018 жылы Өзбекстан Ресеймен атом электр станциясын салу жөнінде келісім жасасып, болашақ АЭС Қазақстан шекарасына жақын Тузкан көлі маңында орналасатынын хабарлады.