Қытайда 100-ден астам көлік жол апатына түсті

0
826

Кейінгі аптада елдің көптеген өңірінде ауа райы аязды болып тұр.


Қытайда 100-ден астам көлік жол апатына түсті

ERNUR.KZ. Қытайдың Сужоу қаласында 100-ден астам көлік соқтығысты. 3 адам ауыр зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген, 6 адам жеңіл жарақат алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Апатқа ауа райының қатты суытып, көктайғақ болып, тұман түсуі себеп болған. Тайғақ жолда бір-біріне соғыла тоқтай берген көліктер үйіліп, жолды жауып тастаған», - делінген хабарламада.

Кейінгі аптада Қытайдың көптеген өңірінде ауа райы аязды болып тұр. Қарлы боран соғып, көлікпен жүру қиындаған, жол апаты жиілеген.

Ұлттық метеорологиялық орталық (NMC) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ауа райына байланысты сақтық шараларын қабылдауға шақырды.