Қытайда бесінші күн қатарынан жер сілкінді

0
40

​Астана уақытымен таңғы 06:19-да тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 болды.


Қытайда бесінші күн қатарынан жер сілкінді

ERNUR.KZ. Қытайда жер сілкінісі бесінші күн қатарынан тіркелді, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 43,59 градусы мен шығыс бойлықтың 85,90 градусы координаттарында орналасқан.

Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4, энергетикалық класы 10,7 болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 30,4 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін 21 қарашада Қытай аумағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болған. Келесі күні, 22 қарашада, магнитудасы 5,2 болатын жерасты дүмпулері тіркелді. Ал 23 қарашада магнитудасы 4,9 болатын тағы бір жер сілкінісі анықталды. 24 қарашада магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелген.