Енді МРТ мен рентген нәтижелері бірыңғай жүйеде сақталады

0
411

Бұл науқастың қайта-қайта тексеруден өту қажеттілігін азайтады.


Енді МРТ мен рентген нәтижелері бірыңғай жүйеде сақталады

Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

ERNUR.KZ. Құрылтай депутаттары денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінде еліміздің медициналық ұйымдарында түрлі ақпараттық жүйелер жұмыс істейді. Ендігі міндет – осы жүйелерді бір-бірімен байланыстырып, медициналық ақпарат алмасуды жеңілдету. Ол үшін электрондық денсаулық сақтау платформасының жұмыс тәртібін нақтылау ұсынылады. Соның ішінде рентген, компьютерлік томография және МРТ нәтижелерін бір жүйеде сақтау және дәрігерлер арасында алмасу мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, аудандық ауруханада тексерілген науқастың нәтижесін Астанадағы немесе Алматыдағы республикалық орталықтың дәрігері қашықтан көре алады", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Оның сөзінше, бұл науқастың қайта-қайта тексеруден өту қажеттілігін азайтып, дәрігерлердің өзара кеңесуіне мүмкіндік береді.

"Елімізде медициналық зерттеулер жүргізіліп, жаңа емдеу әдістері енгізіліп келеді. Біздің мақсатымыз – ғылымдағы жаңалықтарды күнделікті медициналық тәжірибеде кеңінен қолдану. Осыған байланысты ғылыми ұйымдар, ауруханалар және отандық өндірушілер арасындағы байланысты күшейту ұсынылады. Сондай-ақ биомедициналық зерттеулердің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделіп отыр. Бұл жүйеде жүргізіліп жатқан зерттеулер, зерттеу орталықтары мен мамандар туралы ақпарат жинақталады. Зерттеулерге рұқсат беру тәртібі жеңілдетіліп, олардың жүргізілуін бақылау мүмкіндігі кеңейеді", – деп атап өтті ДСМ өкілі.