Қытайда салынып жатқан туннель опырылып, 3 адам хабар-ошарсыз кетті

0
170

Оқиғадан кейін жергілікті өрт сөндіру бригадасы мен медицина қызметкерлері апат болған жерге жедел барып, барлау жүргізіп, құтқару жұмыстарын ұйымдастырды.


Қытайда салынып жатқан туннель опырылып, 3 адам хабар-ошарсыз кетті

ERNUR.KZ. Қытайдың Цинхай провинциясы Хайдун округінде салынып жатқан туннель опырылып, 3 адам хабар-ошарсыз кетті, деп жазады inform.kz.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні жергілікті уақытпен 15:38-де болған.

Салынып жатқан туннельдің оң жақ бағыты опырылып, оқиға орынында 3 адам жоғалып кеткен.

Оқиғадан кейін жергілікті өрт сөндіру бригадасы мен медицина қызметкерлері апат болған жерге жедел барып, барлау жүргізіп, құтқару жұмыстарын ұйымдастырды.

Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша жергілікті билік төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, қоғамдық қауіпсіздік және басқа да құтқару қызметінің 269 қызметкерін орналастырып, экскаваторлар, жүк тиегіштер және жедел жәрдем сияқты 14 бірлік техника жұмылдырып, шамамен 600 текше метр аумақты тазартты.