Оқиға орнында төтенше жағдайлар саласы шұғыл жұмыс істеп жатыр.
ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстігіндегі тас жол опырылып, 18 көлік үйінді астында қалды, деп жазады sputnik.kz.
Сәрсенбі таңертең Гуандун /Оңтүстік қытай/ провинциясында орналасқан "Мэйда" экспресс жолының бір бөлігін опырылып құлады. Апат салдарынан 18 көлік үйінді астында қалды. 31 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады жергілікті билік.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар саласы шұғыл жұмыс істеп жатыр.