ҚХР-дың шығысындағы Чжэцзян провинциясында жергілікті өндірістік нысандардың бірі өртеніп, кем дегенде 11 адам қаза тапты.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, өрт дүйсенбіде Бейжің уақыты бойынша сағат 14.00-де (Астана уақытымен 12.00) Цзиньхуа қаласына әкімшілігіне қарайтын Уи округінде болған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен полиция келді. Билік құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Төтенше жағдайдың себебі анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.