Қытайда зауыт өртеніп, 36 адам опат болды

0
738

Оқиғаның себебін анықтау үшін өрт болған жерде тергеу амалдары жүріп жатыр.


Қытайда зауыт өртеніп, 36 адам опат болды

ERNUR.KZ. Қытайдың Хэнань провинциясының Аньян қаласындағы зауыт өртеніп, 36 адам қаза тапты, деп жазады ulysmedia.kz.

The paper басылымының жазуынша, кәсіпорында өрт 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша 16:22-де болған. 3,5 сағаттан кейін ғана өрт сөндірушілер өртті бақылауға ала алды. Сағат 23:00-де өрт толығымен сөндірілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні сағат 06:10-дағы жағдай бойынша өрт салдарынан 36 адам қаза тапты, екеуі хабар-ошарсыз кеткен, тағы екі адам жеңіл жарақат алды.

Оқиғаның себебін анықтау үшін өрт болған жерде тергеу амалдары жүріп жатыр.