Қытайлық әйел стюардессаға қасақана жөтелген (видео)

0
939

Коронавирусқа байланысты тексеріс жүргізу үшін Thai Airways әуекомпаниясының ұшағы 7 сағатқа кешіктірілген.


Қытайлық әйел стюардессаға қасақана жөтелген (видео)

ERNUR.KZ. Thai Airways әуекомпаниясының ұшағында Қытай азаматшасы стюардессаға қасақана жөтелген, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 6 наурызда Шанхайдағы Пудун әуежайында болған. Коронавирусқа байланысты тексеріс жүргізу үшін Thai Airways әуекомпаниясының ұшағы 7 сағатқа кешіктірілген.

Осыған байланысты жолаушылардың бірі ұшақ қызметкерлеріне ашуланып, стюардессаға қасақана жөтелген.

"Біз ұшақтың есігін аша алмай қойдық. Содан жолаушылардың бірі ашуланып, ерсі қылық таныта бастады. Қызметкерлерімізідң біріне қарап әдейі жөтеле бастады. Тынышталған кезде ғана біз оған ұшақтың кешігу себебін түсіндіре алдық", - дейді Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы.


Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.