Бұған дейін Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылғанын хабарлаған едік.
Фото: FOX Business
ERNUR.KZ. EHang Holdings компаниясының VT35 өздігінен жүретін таксиі Қытайда шығарылып, Аньхой провинциясының Хэфэй қаласында таныстырылды, деп жазады inform.kz.
Ұшақ сегіз тік ұшып көтерілу және қону бұрамасымен жабдықталған, яғни VT35 шатырларға, тұрақтарға және басқа құрылымдарға қона алады.
Екі орындық ұшақта сонымен қатар былғары қап пен бақылау тақтасы, ойын-сауық орталығы қызметін атқаратын сенсорлық экран интерфейсі бар.
Ұшақтың жаһандық нарыққа шығарылатын күні жарияланған жоқ. Алайда, кей деректерге сәйкес, оның бағасы шамамен 913 000 АҚШ доллары болады.
Бұған дейін Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылғанын хабарлаған едік.