Мәскеуде қырғыз және тәжік азаматтарының арасында төбелес болды

0
627

Төбелеске екі өлкенің 15 шақты азаматы қатысқан.


Мәскеуде қырғыз және тәжік азаматтарының арасында төбелес болды

ERNUR.KZ. Ресейдің ТАСС агенттігі 18 мамырда кешкісін Мәскеуде қырғыз-тәжік азаматтарының төбелескені жайында ақпарат берді, деп жазады centralasian.org.

Жанжал 18 мамырдың кешінде Мәскеудің оңтүстік-батысындағы кафелердің бірінде болған. Бұл туралы Мәскеудің қалалық милициясы хабарлаған.

ТАСС күш органдарының сенімді бұлақтарына сүйеніп, төбелеске екі өлкенің 15 шақты азаматы қатысқанын жеткізді. Ауруханаға алты адам түскен. Милиция тоғыз адамда ұстаған. Олардың екеуі миграциялық заңды бұзғаны үшін әкімшілік, жетеуі ұсақ бұзақылықпен жазаға тартылды.