Мәскеуде жерасты коллекторларына экскурсияға түскен 5 адам қайтыс болды

0
671

Тағы үш адам із-түссіз жоғалған деп болжануда.


Мәскеуде жерасты коллекторларына экскурсияға түскен 5 адам қайтыс болды

Қайғылы оқиға 20 тамызда Ресей астанасында толассыз жауған жаңбырдан кейін болды, экскурсия өткен жерасты өткелдерін су басып қалған, деп жазады inbusiness.kz.

Қаза болғандардың денелері Мәскеу өзенінің әртүрлі бөліктерінде су бетіне шығарылды.

Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, экскурсияға гидті қосқанда сегіз адам қатысты. Адам өліміне қатысты "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында 112 телеграм-каналының хабарлауынша, турдың ұйымдастырушысы деген күддікке ілініп Никита Дубас ұсталып, жауап алуға әкелінді.

Жексенбі, 20 тамыздағы турды қазір із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 31 жастағы Константин Филиппов басқарды. Никита Дубастың сөзінше, жоғалған гидтің диггерлікте тәжірибесі аз болғанын алға тартады.

Telegram арнаның хабарлауынша, қайғылы оқиға орын алған кезде Дубас Беларусьте демалыста болған.

Топпен байланыс қатты жауған нөсерден кейін үзіліп, жоғалғандардың туыстары полицияға жүгінген.

Жер астындағы коллекторларды көру үшін, сайттағы ақпаратқа қарағанда (қазір бұл ақпарат жоқ), бір адамға 9 мың рубльді құрайды. Бұл ретте сайт жаңбыр кезінде экскурсия жүргізілмейтінін айтты. Ал шарттың неліктен бұзылғаны белгісіз.

20 тамызда Мәскеуде қатты жаңбыр жауып, жел тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жауды. Бір сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде қала мен облыста ай сайынғы жауын-шашынның 40 пайызы жауды.