Мәскеудегі көпсалалы орталықта атыс болды

0
684

Алдын ала мәлімет бойынша, орталық әкімшісі мен күзетші қаза тапқан. үш адам жараланған, олардың арасында бір бала бар.


Мәскеудегі көпсалалы орталықта атыс болды

ERNUR.KZ. Мәскеу қаласының оңтүстігіндегі "Рязанский" мемлекеттік және муниципалдық қызмет орталығында белгісіз біреу қару қолданды, деп жазады centralasian.org.

Алдын ала мәлімет бойынша, орталық әкімшісі мен күзетші қаза тапты. Бұл туралы "112" telegram-арнасы хабарлады. Атыс болғанын Мәскеу мэрі Сергей Собянин растады.

Атыс кезінде үш адам жараланған, олардың арасында бір бала бар. Қазір ол ауруханада жатыр. Кісі өлтіру және қаруды заңсыз ұстау қылмыстары бойынша іс қозғалды.

РБК-ның полициядағы дереккөзінің хабарлауынша, оқ атқан кісінің есімі - Сергей Глазов. Readovka мәліметінше, ол бұрын әскери барлауда істеген. Глазов орталыққа мас болып келіп, маска тағуды талап етушілермен жанжалдасқан. Оны Федералдық миграция қызметінің қызметкерлері ұстады.

Собянин мен Ресей президенті Владимир Путин атыс болған уақытта жаңа метро станциясын ашу салтанатында болды. Қаладағы атысқа байланысты салтанатты шараны тоқтатпады.