Мексикада автобус құздан құлап кетті: 18 адам қаза тапты

0
592

Тағы 33 жолаушы жарақат алды.


Мексикада автобус құздан құлап кетті: 18 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Мексикада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 18 адам көз жұмды, деп жазады Tengrinews.kz.

Телеарна мәліметінше, тағы 33 жолаушы жарақат алды. Олардың 11-і - бала.

Оқиға Наярит штатындағы Компостела мекеніне жақын жерде болды.

Тау ішінде келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, 15 метрлік құздан құлап түсті. Апаттың себептері анықталып жатыр.