Қазақстанда вейптерді сатуға және елге әкелуге, сондай-ақ тиісті емес жерлерде вейптерді шегуге тыйым салынды.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ресейдің Улан-Уде қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, мектеп оқушысы үйіндегі жуынатын бөлменің есігін жауып алып, ұзақ уақыт бойы шықпаған. Оның жағдайына алаңдаған туыстары есікті бұзып, еденде ес-түссіз жатқан қызды тапқан. Оның жанында телефон мен вейп болғаны айтылды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен темекі шегуге арналған тағы екі электрон құрылғы мен таяқшалары бар Iqos тапты. Барлық табылған заттар, сондай-ақ қыз қайтыс болғанға дейін тұтынатын өнімдер зерттеу үшін тәркіленді. Оқушының қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады.