Молдова президенті коронавирустың жаңа түрін жұқтырды

0
295

Майя Санду Молдованың Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын шараға қатыспайды.


Молдова президенті коронавирустың жаңа түрін жұқтырды

ERNUR.KZ. Молдова президенті Майя Сандуға коронавирустың жаңа түрі (COVID-19) диагнозы қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы дүйсенбіде, 26 тамызда әлеуметтік желілер арқылы бейне хабарламада хабарлады, деп хабарлайды Молдова БАҚ.

Президент Молдованың Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатыса алмайтындығына өкініш білдірді.

"Құрметті достар, құрметті азаматтар! Өкінішке орай, мен COVID-пен ауырып қалдым, сондықтан бүгін және ертең жаппай іс-шараларға қатыса алмаймын. Мен өзімді жақсы сезінемін, әдеттегіден сәл артық шаршағаным болмаса, басқа белгілер жоқ. Өзгелерге вирусты жұқтырмау үшін мен алдағы бірнеше күнде ешқайда шықпауға шешім қабылдадым",- деді Санду.

Мемлекет басшысы отандастарына "COVID ешқайда кетпегенін" еске салып, инфекцияға күдік туындаған жағдайда тест тапсыруға және дәрігерге қаралуға шақырды.

Молдова Республикасының тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған барлық іс-шаралар белгіленген бағдарламаға сәйкес жалғасады.

Елордалық мэрияның Денсаулық сақтау басқармасы соңғы аптада Covid -19 жағдайларының саны 40 пайыздан астамға өскенін хабарлады: Кишинев ауруханаларында 87 адам бар, олардың жетеуі ауыр жағдайда.