Наннан шыққан шеге блогердің тісін сындырды

0
1 394

«Есімнен танып қала жаздадым... Қаптамадан шыққан наның ішіндегі шегеге тісім «шықыр» етіп тигенде, денем түршігіп біртүрлі сезімде болдым»


Наннан шыққан шеге блогердің тісін сындырды

ERNUR.KZ. Қаланың ең танымал дүкендерінің бірінен кепкен жемістер қосылған нан сатып алып жеген блогер қыз тісін сындырып алды, деп жазады life.ru.

«Ресей ханшайымы - 2018» титулының «Супермодель» номинациясын жеңіп алған блогер Екатерина Буракова нан жеймін деп тісін сындырды. Блогер бұл туралы өзінің инстаграм парақгшасында жазып, суретін салған.

«Есімнен танып қала жаздадым... Қаптамадан шыққан наның ішіндегі шегеге тісім «шықыр» етіп тигенде, денем түршігіп біртүрлі сезімде болдым», - деп жазады ол.

Оның айтуынша, шегеден оның тісінің бір бөлігі сынып түскен.

Айта кету керек, 2017 жылы Роспотребнадзор 6 тоннадан астам нан өнімдерін жарамсыз деп таныған еді.