Наразы стюардессалар алаңға шығып шешініп тастады

0
1 210

Жаңа ITA компаниясына ауысу кезінде қызметкерлерге ұсынылған шарттармен стюардессалар келіспейтінін осылай білдірген.


Наразы стюардессалар алаңға шығып шешініп тастады

ERNUR.KZ. Италиялық Alitalia әуе компаниясының стюардессалары Римнің дәл орталығындағы алаңға шығып, шешініп, наразылықтарын білдірді, деп жазады qaz.ulysmedia.kz.

Жаңа ITA компаниясына ауысу кезінде қызметкерлерге ұсынылған шарттармен стюардессалар келіспейтінін осылай білдірген. ITA өз кезегінде Alitalia компаниясындағы қызметкерлердің төрттен бірін ғана жұмысқа алмақ болған. Акцияға жұмысын тоқтатқан Alitalia әуе компаниясының 50 қызметкері қатысқан.

Кәсіподақтардың хабарлауынша, қызметкерлерге жаңа ІТА компаниясында айлығы төмен келісімшарттарға қол қоюға мәжбүрлеп жатқан көрінеді. Alitalia айлығынан қарағанда ІТА едәуір аз төлегелі отыр. Оған қоса ІТА әуе кемелерінің үштен бірін ғана қалдырып, қызметкерлердің төрттен бірін ғана жұмысқа алмақ.

Кәсіподақтар сонымен қатар жұмыстан кеткендерге жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны бес жылға дейін төленуі керектігін талап етуде.